Accessibility links

Ереванда 4,7 балдық жер сілкінісі болды


13 ақпанда Армения астанасы Ереван қаласында магнитудасы 4,7 балл жер сілкінісі болды. Халық жер сілкісіні қайталана ма деп көшеге қашып шықты.

Жергілікті ақпарат агенттіктері дүкен сөрелеріндегі тауарлар құлағанын хабарлады.

Елдің премьер-министрі Никол Пашинян Facebook парақшасында 20 афтершок болғанын жазды. Пашинян "алдын ала мәлімет бойынша қатты қираған ғимараттар мен адам шығыны болған жоқ" деп жазды.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы жер сілкінісінің эпицентрі Ереваннан 13 шақырым жерде болды деп мәлімдеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG