Accessibility links

ҮЕҰ Тоқаевтан салық заңнамасын өзгертуді сұрады


Moldova, taxes generic
Moldova, taxes generic

MediaNet халықаралық журналистика орталығы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қайырылып, салық заңнамасын өзгертуге шақырды. Былтыр жыл соңында MediaNet орталығы басқа да үкіметтік емес ұйымдармен бірге салық органдары тарапынан тексеріске ұшыраған. ҮЕҰ бұл тексерісті "шабуыл", "саяси қысым" деген.

MediaNet сайтында жарияланған мәлімдемеде Тоқаевтан Салық кодексі мен Әкімшілік кодекстен "шетелден қаржыландыруға" қатысты норманы алып тастауды сұрайды. Орталық бұл норма алда "азаматтық қоғамға саяси қысым ретінде қолданылуы мүмкін" деп санайды.

"ҮЕҰ жұмысын реттейтін норма артық, онда ақылға сыймайтын жаза бар. Бұл норма алдағы уақытта шетелден ақша алып отырған белгілі бір үкіметтік емес ұйымдарды жазалауға қолданыла ма деп қауіптенеміз" деп жазылған MediaNet хатында.

2020 жылы қарашада елдегі 13 үкіметтік емес ұйым салық органдары тарапынан негізсіз тексеріс жүріп жатқанын хабарлаған.

Биліктің бейүкіметтік ұйымдарға қысымы неден басталды? Таққан айыбы қандай?
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:51 0:00

Қаңтарда салық органдары "шетелден алған ақшасына қатысты дұрыс есеп бермеді" деген айыппен бірнеше ұйымның жұмысын үш айға шектеп, айыппұл салған. Бұл қоғамда үлкен резонанс тудырып, халықаралық ұйымдар мен Батыс елдерінің елшіліктері мұны "азаматтық қоғамға жасалған ойластырылған шабуыл" деген. Сын көбейген тұста салық органдары үкіметтік емес ұйымдарға қатысты әкімшілік істерді тоқтатты.

Ал үкіметтік емес ұйымдардың өздері салықты уақтылы төлеп отырғанын, салық органдары "жөнделетін болмашы қателікке бола" хаттама толтырғанын мәлімдеген.

Еуропарламент 11 ақпанда Қазақстандағы адам құқығы жағдайына қатысты қарар қабылдағанда билік тарапынан үкіметтік емес ұйымдарға қысымды сынаған. Қазақстан билігі Еуропарламент қарарын "тексерілмеген ақпараттарға құрылған", "елдегі жағдайды бұрмалайтын құжат" деген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG