Accessibility links

Нұр-Сұлтан мен Пекин Қытайда қалған қазақтар мәселесін талқылады. Консулдық алдында пикет жалғасып жатыр


Қытайдың Алматыдағы консулдығы алдында Шыңжаңдағы туыстарына іздеу салып, пикет өткізіп тұрған адамдар. 26 ақпан 2021 жыл.
Қытайдың Алматыдағы консулдығы алдында Шыңжаңдағы туыстарына іздеу салып, пикет өткізіп тұрған адамдар. 26 ақпан 2021 жыл.

25 ақпанда Нұр-Сұлтан мен Пекин Қытайда қалған қазақтар мәселесін онлайн режимде талқылады. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ақпаратына қарағанда, консулдық консультациялардың 19-отырысына Қазақстан жағынан консулдық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Ақатаев, ал Қытай жағынан консулдық департамент директоры Цуй Айминь және екі тараптың өзге де өкілдері қатысқан.

"Консультациялар барысында Қазақстан тарапы екі мемлекеттің ұлты қазақ азаматтарынан құралған отбасылардың қайта қосылу мәселелерін көтерді" делінген Қазақстан СІМ-нің қысқа хабарламасында.

Онда конференция барысында екі ел азаматтарының виза алуы, кіріп-шығу мәселелері де талқыланғаны жазылған.

Қытайда жақындары қамалған немесе сол жақтан келе алмай қалған адамдардың туыстарының Алматыдағы Қытай консулдығы алдында наразылық өткізіп жатқанына 19 күн болды. Солардың бірі Фарида Қабылбек "бұл мәселе екі жақ арасында қаншама рет талқыланды, нәтиже жоқ, туыстарымыз түрмеден шықпайынша акцияны тоқтатпаймыз" деді.

- Осы уақытқа дейін [Қазақстан] сыртқы істер министрлігінің артынан 4 жыл жүрдік. Арты - 4 жыл, алды - 17 жыл жүр. Шыдамымыз таусылды, енді біз өзіміз қарекет жасаймыз. Ана жерде біреулер "сендерді біреулер, "Атажұрт" жетелеп жүр" дегенге келтіреді. Біз ол жерге жақындарымызды іздеп шығып тұрмыз. Ерігіп шығып тұрған жоқпыз, - дейді ашынған Фарида Қабылбек жұма күні Азаттық тілшісіне.

Қытайдың Шыңжаң аймағында қалған туыстарын іздеген қазақстандықтар бірнеше жылдан бері Қазақстанда жиын өткізіп, пикеттерге шығып, Қытайда қалған туыстарына араша сұрап келеді. Олар Қазақстан сыртқы істер министрлігінен "Қытайда қамалғандар - Пекиннің ішкі ісі, оған араласа алмаймыз" деген жауап алған. Ал Қытай консулдығы жауап бермеген.

Қарай отырыңыз: Шыңжаңда қамалған туысын іздегендер Қытай консулдығында 17 күннен бері наразылық өткізіп жүр

Шыңжаңда қамалған туысын іздегендер Қытай консулдығында 17 күннен бері наразылық өткізіп жүр
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:34 0:00

Наразылардың кейбірі туыстарының Шыңжаңдағы "саяси қайта тәрбиелеу" лагерьлеріне қамалғанын айтса, кейбірі "негізсіз айыптармен" ұзақ жылға сотталғанын, бірі Қытай билігінің құжаттарын тартып алып, Қазақстанға жібермей жатқанын айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG