Accessibility links

"Қарабет" дауы. Ақтаулық белсенді Ұлболсын Тұрдиева 20 тәулікке қамалды


Полиция көлігі. Көрнекі сурет.
Полиция көлігі. Көрнекі сурет.

27 ақпан күні Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық сотында белсенді Ұлболсын Тұрдиеваның әкімшілік ісі қаралды. Судья Алмагүл Дүйсімова белсендіні Әкімшілік кодекстің 73-бабының екінші тармағы ("Көпшiлiк алдында немесе БАҚ не телекоммуникация желілерін пайдаланып жасалған жала жабу") бойынша айыпты деп танып, 20 тәулік әкімшілік қамауға алу туралы қаулы шығарды.

Ұлболсын Тұрдиеваға дейін, 1 ақпанда Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында "жала жабу" айыбымен тағы бір белсенді – Шолпан Өтекеева сотталып, 20 тәулік қамауда отырып шыққан. Өтекеева – 2011 жылғы 16 желтоқсанда Жаңаөзенде мұнайшылар ереуілі кезінде полицияның атқан оғынан зардап шеккенін көрген белсенді.

Сенбі күні Азаттық тілшісіне сот залынан хабарласқан Ұлболсын Тұрдиева Өтекееваны қолдап жазған посты үшін өзіне тағылған айыппен келіспейтінін айтты.

– Сот 73-бапты осымен екінші рет қолданып отыр. Осылайша мені заңсыз соттап жатыр, репост жасағаным үшін. Шолпан Өтекеева туралы пост жазғаным рас. Шолпан Facebook парақшасында "Қарабет Бөкен Жұмағали" деген жазбаны бөліскені үшін 20 күнге қамалды. Мен Шолпанның не үшін отырғанын айтып, ол босатылсын деп жаздым. Енді сол постымды "жала жабу" деп танып, мені 20 тәулікке қамамақ, – деді Ұлболсын Тұрдиева.

Бұған дейін Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы полиция бөлімінің бастығы Бөкен Жұмағали әлеуметтік желіде өзі жайлы "Қарабет Бөкен Жұмағали" деген фотомен жазба "жариялағаны" үшін жергілікті төрт белсендіні сотқа берген. Сот Шолпан Өтекееваны 20 күнге қамап, тағы бір белсенді Айгүл Ақбердіге 520 мың теңге айыппұл салған. Белсенділер өздеріне тағылған айыпты мойындамай, "саяси астармен қудаланып жатқанын" мәлімдеген.

Полицейді "қарабет" деген белсенділер сотқа тартылып жатыр. 16 ақпан 2021 ж.

Полицейді "қарабет" деген белсенділер сотқа тартылып жатыр
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:10 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG