АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп қызметінен кеткелі бері алғаш рет 2024 жылы президент сайлауына түсе алатындығын меңзеді. 28 ақпанда Орландо қаласындағы конференция кезінде сөйлеген бұрынғы президент өзінің Республикалық партиясының теңдессіз жетекшісі мәртебесін нығайтуға тырысып, жаңа партия құру туралы сыбыстарды ұлғайтты.
"Сіздермен бірге күресуге бел буып отырмын. Біз жаңа партия құрмаймыз. Бізде Республикалық партия бар және бұрын-соңды болмаған дәрежеде оның ынтымағы күшейіп, мықтай түседі" деді Трамп.
Ол 3 қараша күнгі президент сайлауында жеңілгенін тағы терістеп, қаңтар айында қызметіне кіріскен Джо Байденді сынады. Оның президенттігінің алғашқы айын "катастрофа" деп атады.
Трампты өзге экс-президенттерден ерекшелендіріп тұрған нәрсе - бұл оның саясаттан кетпейтінін және өзінен кейін болған адамды сынаудан да бас тартпайтынын айқын аңғарту. Ақ үй бұған дейін Трамп сөздеріне аса қатты мән бермейтінін мәлімдеген.
ПІКІРЛЕР