Accessibility links

ЕО Навальныйды қудалауға қатысы бар ресейлік шенеуніктерге санкция салуды мақұлдады


Ресей тергеу комитетінің жетекшісі Сергей Бастрыкин.
Ресей тергеу комитетінің жетекшісі Сергей Бастрыкин.

Еуроодақтың тұрақты өкілдері оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйды қудалауға қатысы бар делінген төрт ресейлік шенеунікке санкция салуды мақұлдады. Бұл туралы Азаттықтың Брюссельдегі тілшісі Рикард Йозвяк хабарлады.

Санкцияға ілінгендердің тізімі Еуроодақтың ресми журналында 2 наурызда жарияланады.

Бұған дейін Reuters агенттігі Еуропа дипломаттарының дерегіне сүйене отырып, Ресей тергеу комитетінің басшысы, федералдық қылмыстық жазаны атқару қызметінің директоры, Росгвардия бастығы, бас прокурорға шектеу қойылатынын айтқан.

Ресейде тергеу комитетін - Александр Бастрыкин, Росгвардияны - Виктор Золотов, федералдық қылмыстық жазаны атқару қызметін - Александр Калашников басқарады, ал бас прокурор қызметін Игорь Краснов атқарып жатыр.

ЕО елдері Навальныйды саяси себеппен қудалап жатқанын айтып, Ресей билігі оны дереу босатуға шақырған. 20 ақпанда Мәскеу қалалық соты бұрынғы іс бойынша Навальныйдың шартты жазасын түрмемен алмастыру туралы шешімді өзгеріссіз қалдырған.

Ресей сырты істер министрі Сергей Лавров бұған дейін "Брюссель санкцияны күшейтсе, Мәскеу ЕО-мен қатынасты үзуге дайын" деп мәлімдеген. Ресей билігі ЕО-ны елдің ішкі ісіне араласты деп айыптап, оппозициялық саясаткердің қамалуына саясаттың қатысы жоғын айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG