Accessibility links

"Банктерден қаржы жымқыру ісі": Тілеубаев пен Ертаев 9 жылға сотталды


RBK банкінің бас кеңсесі. Көрнекі сурет.
RBK банкінің бас кеңсесі. Көрнекі сурет.

Алматының Алмалы аудандық соты "RBK, Еуразия және Qazaq банктеріндегі қаржы жымқыру ісі" бойынша айыпталған бұрынғы банкир Жомарт Ертаев пен олигарх Нұрлан Тілеубаевқа үкім оқыды. Бұл туралы Informburo.kz сайты хабарлады.

Сот бөтеннің мүлкін алдау, сеніміне кіру арқылы иемденді деп айыпталған Ертаевты - 9 жылға, "қаржы жымқырды" және "жалған құжат жасады" деп айыпталған Тілеубаевқа да дәл сондай мерзімде түрме жазасын берген. Екеуіне де 10 жылға дейін коммерциялық ұйымдарды басқару ісімен айналысуға тыйым салынған. Олар қауіпсіздігі орташа түзету мекемелерінде жазасын өтейді.

Бұған дейін Ертаев "RBK қаржы жымқыру ісі" бойынша 11 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Судья бұдан бөлек, сотталушылардан "Специальная финансовая компания DSFK (ДСФК)" ұйымының мүддесіне қарай қаржы өндіріп алу туралы азаматтық шағымды қанағаттандырған. Бұл ұйым RBK банкке - 97,5 млрд теңге, Qazaq Bank-ке - 46,2 млрд теңге және Еуразия банкіне - 24,2 млрд теңге активті қайтару ісімен айналысады.

Сотталушыларға азаматтық шағым талаптарын орындауға екі ай уақыт берілді. Нұрлан Тілеубаев елде таратылған ірі астық компаниялары "Қазинвестбанк" пен Delta Bank иелік еткен, елдегі ең ауқатты кәсіпкерлер қатарына кірген. 2019 жылдың соңында ұсталған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG