Accessibility links

Нұр-Сұлтанда 20 шақты әйел жәрдемақыны өсіруді, баспана мәселесін шешуді талап етті


Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне жақын Конгресс хол маңында әлеуметтік көмекті көбейтуді талап етіп, наразылық өткізіп тұрған әйелдер. 1 сәуір 2021 жыл.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне жақын Конгресс хол маңында әлеуметтік көмекті көбейтуді талап етіп, наразылық өткізіп тұрған әйелдер. 1 сәуір 2021 жыл.

1 сәуірде Нұр-Сұлтанда бір топ ана қалалық әкімдік маңындағы Конгресс хол сарайының алдына жиналып, билікке бірнеше талап айтты: бала санына қарамастан отбасындағы әр балаға 42 500 теңге жәрдемақы тағайындау, көп балалы отбасыларды, мүгедек бала тәрбиелеп отырған аналарға арзан бағамен несиеге баспана беру және өзге мәселелер.

"Үй кезегі неге ақырын жылжиды? Баспана мәселесі шешілсін!", "Отбасы шағын мемлекет. Отбасы жоқ болса, мемлекет те жоқ" деген жазуы бар плакат ұстаған әйелдер қаладағы эпидемиологиялық ахуалды ескеріп, қашықтық сақтап тұрды.

"Отбасы саясаты мәселелеріне өте аз көңіл бөлінеді, оған астанада болған қайғылы оқиға – бір отбасында бес баланың өрттен қаза болуы да дәлел" делінген президент Қасым-Жомарт Тоқаев, парламент пен премьер-министр Асқар Маминге бағытталған хатта.

Акцияға келгендердің бірі Мөлдір Сәрсенбаева мемлекеттің баспана алу тәртібін қиындатып жібергенін айтты. "Біз Конституция баптарын (25-бап) алға тарта отырып, тұрғын үй қорындағы баспаналардың қолжетімді бағамен үйге мұқтаж отбасыларға берілгенін қалаймыз" деді ол. Наразылар бала туылған кезде берілетін бір реттік төлемді 1,5 млн теңгеге дейін көбейту қажеттігін, ол баланың білім алуына негізделуі керек дегенді айтты.

Наразылардың алдына Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Дәурен Бабамұратов шықты. Ол шараның рұқсат етілмегенін алға тартты. Шенеунік бұл әйелдердің жағдайынан хабардар екенін, олардың баспана жайлы шағымдарын әкімдіктің қарастырып жатқанын айтып өтті. Ол баспанаға мұқтаж азаматтарға үй кезек арқылы берілетінін айтты.

Бұл әйелдер ақпан айының соңында және наурыз айының басында да баспана мәселесін шешуді талап етіп, әкімдікте түнеген. Сол кезде санитария мамандарының эпидемиологиялық ахуалды алға тартып, оларды әкімдіктен қуғаны да хабарланды.

Қарай отырыңыз: "Әр балаға 42500 теңге". Әкімдікте түнеп жүрген әйелдерге әкім әлі шықпады (5 наурыз 2021 жыл).

"Әр балаға 42500 теңге". Әкімдікте түнеп жүрген әйелдерге әкім әлі шықпады
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:59 0:00

Баспана сұрап, әлеуметтік салаға назар аударуды сұраған көп балалы және жалғызбасты әйелдер наразылығы соңғы бірнеше жылда күшейген. Билік өкілдері "баспана мәселесі бір күнде шешілмейді, шама-шарқынша көмектесіп жатырмыз" деумен келеді. Ал кейбір наразылар "мемлекет беретін баспананы оған шын мұқтаж отбасылар ала алмайды, баспанаға кезекке тұру өте қиын" деп санайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG