Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың әйелдеріне құны кемінде 800 млн рубль болатын жылжымайтын мүліктер тиесілі. Мүліктердің басым бөлігі декларацияға түспеген және отбасының ресми кірісі ретінде есептелмейді. Ресейде көп әйел алуға заңмен тыйым салынғанмен Шешенстанда бұл ереже сақталмайды. "Проект" басылымының зерттеуінде осындай тұжырымдар жасалған.
Басылымның мәліметінше, Қадыровтың ресми түрде некеге тіркелген әйелі Медниден бөлек, оның кемінде тағы бір әйелі бар – Фатима Хазуева. Ол 2006 жылы 15 жасында республикалық сұлулық байқауында екінші орын алған. Қазір 30 жастағы Хазуева Қадыров әкімшілігінде істейді және оған Мәскеу мен Грозныйдағы зәулім үйлер тиесілі деп жазады басылым.
Росреестр мәліметінше, Хазуеваға Грозныйдың қымбат ауданында орналасқан зәулім сарай тиесілі. Бұл ықпалды грозныйлықтар тұратын аудандағы ең ірі ғимарат. Оның айналасында 9 мың шаршы метрлік аумақ бар, ашық бассейн де орналасқан. Ғимараттың маңында Хазуеваның әкесінің атымен аталатын мешіт бар. Ол қайтыс болғанға дейін Ростехнадзордың Кавказдағы басқармасы жетекшісінің орынбасары қызметін атқарған.
"Проект" басылымының зерттеуінше, Хазуева 19 жастан бастап ірі қымбат жылжымайтын мүліктерге ие бола бастаған. Мысалы, оған Мәскеудің Шаболовка ауданындағы биіктігі 130 метр болатын қымбат пәтер тиесілі. 2013 жылы ол аумағы шамамен 600 шаршы метр болатын тұрғын үйге арналмаған ғимаратты иелігіне алған. Бұған қоса, қала орталығындағы Хамовник ауданында оның биіктігі 200 метр болатын пәтері бар. 20 жасында Мәскеудің батысындағы тұрғын үй кешенінен 290 метрлік пәтер де салып алған.
Басылым Қадыровтың әйелдеріне тиісілі жылжымайтын мүліктердің құнын 800 млн рубльге бағалаған. Басқа адамдардың атына тіркелген жылжымайтын мүліктер де бар. Соның арқасында бұл нысандар отбасының декларациясына енбеген. Ал екінші паспорт батыс санкциясынан қашуға мүмкіндік береді деп жазды басылым.
"Проект" басылымы Қадыровтың әйелдері республика басшысы әкімшілігінде істейді және шенеуніктер алатын жалақыға мұндай қымбат зәулім сарайлар сатып алу мүмкін деп санайды.
Шешенстан – Ресейдегі ең кедей аймақтардың бірі, бірақ республика басшысы мен оның отбасы ресми кіріс пен декларация көлеміне сәйкес келмейтін аста-төк байлығымен ылғи көзге түседі. 2020 жылы шілде айында "Проект" басылымы отбасы активтерінің бір бөлігі басқа адамдардың атына жазылуы мүмкін деп топшылаған.
ПІКІРЛЕР