Accessibility links

2359 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды, 31 адам қайтыс болды


Жедел жәрдем көлігі.
Жедел жәрдем көлігі.

13 сәуірде Қазақстанда тағы 2229 адамның анализінен коронавирус анықталған. 130 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. 31 адам өлімі тіркелген: 26 адам – коронавирустан, 5 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пневмониясы мен адам өлімі бойынша екі күн бұрынғы мәліметті жариялап келеді.

Сейсенбі күні Алматы қаласында 612 адамнан коронавирус анықталған. Бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіш. Нұр-Сұлтанда – 465, Шығыс Қазақстан облысында – 25, Павлодар облысында – 41, Атырау облысында – 93, Қарағанды облысында – 197, Ақмола облысында – 98, Батыс Қазақстан облысында – 115, Алматы облысында – 226, Қостанай облысында – 29, Солтүстік Қазақстан облысында – 33, Шымкент қаласында – 74, Жамбыл облысында – 36, Ақтөбе облысында – 100, Түркістан облысында – 22, Маңғыстау облысында – 31, Қызылорда облысында – 32 науқас анықталған.

2020 жылдың наурыз айынан бері елде 276 054 адамның коронавирус тесті оң шыққан. Содан бері 3286 адам қайтыс болған. Бұл статистикаға коронавирус жұқтырғаны расталған, бірақ "өзге аурудан қайтыс болды" деген мыңға жуық адам өлімі енбеген.

Қазақстан үкіметі былтыр тамыздан бері вирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталмаған, бірақ ауру белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын пневмония есебін жүргізіп келеді. Содан бері елде барлығы 51 539 адам пневмонияның осы түрімен тіркелген. Оның 736-ы қайтыс болған. Бұл дерек коронавирустың ресми статистикасынан бөлек жүргізіледі. Бірақ халықаралық ұйымдар Қазақстанның бұл екі дерегін біріктіріп көрсетіп отыр.

Қазір 35 821 адам коронавирустан емделіп жатыр. 35 мыңнан астамының коронавирус тесті оң шыққан. 579 адамның жағдайы ауыр, 162 науқастың халі өте ауыр. 117 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

Қазақстанда 1 ақпаннан бастап халыққа коронавирусқа қарсы екпе салына бастаған. Алғашқы кезде дәрігерлерге салынды. 14 сәуірдегі мәлімет бойынша, елде 435 мың адам "Спутник V" екпесінің бірінші дозасын алса, 107 мың адам екі дозасын да алған. Коронавирусқа қарсы өзге вакциналар секілді "Спутник V" екпесі де екі дозадан тұрады. Екіншісі біріншісінен кейін 21 күн өткенде салынады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG