Accessibility links

Ресейде айфон қолданушыларын аңдуға рұқсат бермегені үшін Apple-ға $12 млн айыппұл салды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресей монополиямен күрес федералдық қызметі (ФАС) Apple корпорациясына айфон қолданушыларының жеке ақпаратын жинауға мүмкіндік беретін қосымшаға тыйым салғаны үшін 906 млн рубль (12 миллион доллардан астам) көлемінде айыппұл салды. Ведомство өкілдері корпорацияны телефон қосымшасы нарығында монополия жасап алды деп айыптады.

Шағымды компьютерлерге антивирус бағдарламалары мен қорғаныш құралдарын орнататын "Касперский зертханасы" компаниясы түсірген. Компания өкілдерінің айтуынша, Apple олардан ата-ана бақылауы туралы қосымшаның функционалдарын қысқартуды талап еткен. Бұл ата-аналарға балалардың жүрген жерін, құрылғыны қанша сағат пайдаланатынын, қандай қосымшаны көретінін бақылауға мүмкіндік береді.

2019 жылы сәуір айында Apple мұндай бағдарламалық жабдықтар қолданушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіргендіктен шектеу қоятынын мәлімдеген. Мұндай бағдарламалар іс жүзінде бөгде үшінші тарапқа құрылғыға кіруге мүмкіндік береді.

"Балаларының қауіпсіздігіне алаңдаған ата-аналар жеке дерек пен қауіпсіздік мәселелесіне келгенде мәмілеге бармауы тиіс. Сізден басқа ешкім балаңыздың құрылғысына кіре алмауы тиіс" деген еді корпорация өкілдері.

2019 жылы тамыз айында Ресей монополиямен күрес федералдық қызметі Apple-ға "заңбұзушылықты жою" туралы нұсқаулық берген. ФАС корпорациядан бөгде мамандардың қосымшасын енгізуге тыйым салатын ережені алып тастауды талап еткен.

Бұған қоса, корпорациядан ата-ана бақылауы туралы қосымша иелеріне маңызды функционалды өшіру туралы талап қоймай, өнімдерін таратуды талап еткен. Бұл нұсқаулық сотта қаралды және сот аяқталғанға дейін нұсқаулық күші тоқтатылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG