Accessibility links

Өзбекстан президенті хокимдерге шет тілін үйренуді міндеттеді


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев

Келесі жылдан бастап Өзбекстанның мемлекеттік органдарына жұмысқа алу, жаңа қызметке тағайындау кезінде шет тілін білу міндетті болмақ. Бұл жөнінде Азаттықтың Өзбек қызметі хабарлады.

Шет тілдерін үйрету жүйесін жетілдіру жөніндегі видеоконференция кезінде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев осындай мәлімдеме жасады.

Жиын кезінде ол ауыл шаруашылығындағы кластер жүйесін үлгі ете отырып, шет тілдерін үйреткенде де кластер жүйесін қолдану керек деді.

"Жұмысқа алу кезінде шет тілін білу міндетті. Бұдан былай хокимдер (әкімдер – Ред.) шет тілін білуі тиіс" деді Мирзияев.

Оның айтуынша, шет тілін жақсы білетін қызметкерлерге жалақыға қосымша 20 пайыз үстемақы төленеді.

6 мамырда өткен және бір видеоконференция кезінде Мирзияев министрлер кабинетінің жанынан шет тілдерін үйрену агенттігі құрылатынын хабарлаған.

Өзбекстан президентінің нақты қай тілдер туралы айтып отырғаны белгісіз.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG