Accessibility links

Қырғызстан мен канадалық Centerra Gold Құмтөр кенішіне таласып жатыр


Құмтөрт кеніші.
Құмтөрт кеніші.

Қырғызстанда алтын өндіретін Құмтөр кеніші үшін тартыс күшейді. Мемлекеттік комиссия үкіметке кенішті басқаруды уақытша қолға алуды ұсынды. Ал оны игерумен айналысатын канадалық Centerra Gold Орталық Азияда алтын өндіретін ең ірі кеніштердің бірін мемлекет меншігіне қайтармақ болғаны үшін Бішкекті сотқа беретінін мәлімдеді.

Мемлекеттік комиссия төрағасы Ақылбек Жапаров 17 мамырда "жемқорлық, қауіпсіздік техника ережелерінің бұзылуы және қоршаған ортаны қорғау талаптарының сақталмауына" байланысты Centerra Gold компаниясына кенішті бермеу туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді.

"Мемлекеттік комиссия Құмтөр бойынша 1992, 2003, 2009 және 2017 жылдары жасалған келісімдер Қырғызстанның ұлттық мүддесіне сәйкес келмегенін анықтады. Олар Қырғызстанның мемлекеттік суверенитетіне нұқсан келтіреді және сол кездегі қырғыз шенеуніктерінің жемқорлық мүдделері негізінде қабылданған" деді Ақылбек Жапаров.

Бір күн бұрын Centerra Gold-тың Бішкек үстінен арбитраж сотына шағым түсіргені белгілі болған. Шағым иелері Құмтөрді сырттай бақылауға мүмкіндік беретін жақында қабылданған заң кеніш бойынша жасалған инвестициялық келісімді бұзады деп санайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG