Accessibility links

Садыр Жапаров Владимир Путинмен 24 мамырда Сочиде кездеседі


Қырғызстан басшысы Садыр Жапаров (сол жақта) және Ресей президенті Владимир Путин. Ақпан айы, 2021 жыл.
Қырғызстан басшысы Садыр Жапаров (сол жақта) және Ресей президенті Владимир Путин. Ақпан айы, 2021 жыл.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ресей басшысы Владимир Путинмен 24 мамырда Сочиде кездеседі. Бұл туралы 18 мамырда шетел елшілерінен сенімді қағаз қабылдау кезінде Путин хабарлады. Дипломаттар мен елшілердің арасында Қырғызстанның Ресейдегі елшісі Гүлнара-Клара Самат та болған.

Путин өз сөзінде Қырғызстанмен стратегиялық әріптестік және ынтымақтастықтың нығайып жатқанын атап өтті.

"Ресей мен Қырғыз Республикасы сауда-экономикалық, әскери-техника, мәдени-гуманитарлық және өзге салалар бойынша өзара сәтті әрекет етіп келеді. Еуразия интеграциясының дамуына бірігіп үлес қосып жатырмыз. 24 мамырда Сочиде президент Садыр Жапаровпен алдағы кездесу барысында осы тақырыптарды талқылаймыз" деді Путин.

Бұған дейін Садыр Жапаровтың баспасөз қызметі мемлекет басшысының алдағы халықаралық шараларға байланысты қашықтан жұмыс істеуге көшкенін хабарлаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG