Accessibility links

Тұрғымбаев белсенділерге кеттлинг әдісін қолданған полицейлердің әрекетін "азаптау" деп санамайды


Ішкі істер министрі Тұрғымбаев кеттлингті "азаптау емес" дейді
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:51 0:00

Ішкі істер министрі Тұрғымбаев кеттлингті "азаптау емес" дейді

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 11 маусым халыққа есеп беру жиынында ақпарат құралдарының белсенділерді құрсауда ұстау (кеттлинг) әдісі жайлы сұрақтарына да жауап берді.

– Иә, біз рұқсат етілмеген митингілер өткен жерді бірнеше рет қоршадық. Бірақ өзге елдердің полицейлеріне қарағанда су шашатын құрал, құлақ тұндыратын граната және өзге арнайы құралдар қолданылған жоқ. Біздің полицейлер үнемі қарусыз, резеңке таяқсыз, газсыз тұрады. Өздерінің дене бітімдері арқылы құқықбұзушылықты тоқтатады, – деді Тұрғымбаев.

"Кеттлингті азаптау деп санайсыз ба?" деген сұраққа министр қазақстандық полицейлердің демонстранттарды "азаптамағанын" айтты.

– Біз барлық азаматқа қаласа қоршаудан шығуына мүмкіндік бердік, ас-су ұсындық. Күш қолданылған жоқ. Мұндай шаралар кезінде ылғи жедел жәрдем көліктері тұрады, – деді ол.

Дегенмен полиция құрсауында болған белсенділер бұған дейін өздерін аязда ас-сусыз, дәретханаға жібермей ұстағанын айтқан.

Қазақстан полициясы билікке қарсы наразылық өткізгендерге кеттлинг әдісін жиі қолданады. Мысалы, 25 мамырда полиция баспана мәселесімен Нұр-Сұлтанға шағымданып келген Шымкент тұрғыны мен оның бала-шағасын кеттлингке алып, Ақорда жаққа қарай жылжуына мүмкіндік бермеген.

Қыста парламент сайлауынан кейін наразылық білдірген белсенділерге полиция бірнеше рет кеттлинг әдісін қолданған. Жергілікті құқық қорғаушылар белсенділерді ас-сусыз, дәретханаға жібермей, аязда ұстауды "азаптау" десе, халықаралық құқық қорғаушылар ұйымы мұны "репрессиялық әдіс" деп сынаған.

Белсенділер полицияны сотқа бергенмен одан нәтиже шықпады.

Видео: Полиция қоршаудағы белсенділерге бір кесе шәй ішуге, дәретханаға баруға мұрша бермеген (10 қаңтар 2021 жыл).

Полиция қоршаудағы белсенділерге бір кесе шәй ішуге, дәретханаға баруға мұрша бермеген
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:14 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG