Тәжікстанның денсаулық сақтау министрлігі қаңтар айынан бері коронавирус жұқтырған бірде-бір жағдай анықталмады дегенімен, зертхана қызметкерлері мен науқастардың туыстары COVID-19 вирусымен ауырғандар саны артып жатыр дейді.
Душанбе қаласының № 13 емхана бас дәрігері Хомид Хомидзода соңғы тәулікте 10 адамнан коронавирус анықталғанын жеткізді.
12 маусымда "Азия-Плюс" ақпарат агенттігі "Диамед" жеке зертханасына сүйеніп, бір тәулікте тест тапсырған тұрғандардың 100-інен коронавирус анықталғанын хабарлады.
Тәжікстан денсаулық сақтау министрлігі болса, мұндай ақпараттың негізсіз екенін айтады.
Өзге аурухананың дәрігерлері мұндай хабарламаны растамады да, теріске де шығармады.
Душанбе тұрғыны мамыр айының соңында отбасымен COVID-19 вирус жұқтырып ауырып шыққанын айтады.
"Әкем бір үлкен шараға қатысуға барған. Сол жақтан жұқтырып келген болуы керек. Кейін анам ауырды. Тест тапсырғанда, вирусқа оң нәтиже көрсетті. Бірақ ауруханада жеке зертхананың нәтижесін қабылдамады. Олар өзіміз тексереміз деді" дейді тұрғын.
Шохмансур ауданының учаскелік медбикесі бір көшеде тұратын бес бірдей үйдің тұрғындарынан коронавирус анықталғанын айтты.
Биыл ДДСҰ Тәжікстанға 6 млн долларға 87 тонна медициналық құралдар жеткізген.
Тәжік билігінің мәліметі бойынша, елде 13 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталған. 90 адам қайтыс болған. Тәуелсіз сарапшылар ресми мәліметке күмән келтіреді.
Қарай отырыңыз: Душанбенің "коронавирусты жеңгені" рас па? (5 қаңтар 2021 жыл).
ПІКІРЛЕР