Accessibility links

Өзбекстанда вирустың өршуіне байланысты вакцина салуды міндеттеу ұсынылды


Дәрігер ер адамға коронавирусқа қарсы екпе салып жатыр.
Дәрігер ер адамға коронавирусқа қарсы екпе салып жатыр.

Өзбекстанда коронавирус індетінің өршуіне байланысты бірқатар мекемелер қызметкерлерінің бәрін вакцина алуға міндеттеп жатыр.

Өзбекстанның санитарлық-эпидемиологиялық саулық қызметінің қызметкері вирустың өршуіне байланысты мекеме басшылығына мүмкін болса қызметкерлеріне вакцина алуға үндеу жөнінде ұсыныс болғанын растады. Бірақ мәжбүрлеу жөнінде сөз болмағанын айтады.

"Егер адам екпе алғысы келмесе, өзінің қалауы. Бұдан бөлек азаматтардың вакцина таңдауда құқығы бар. Бірақ адамдар вакцина алу өзінің денсаулығы мен қоршаған ортаға пайдасы барын түсінуі керек" дейді аталған қызметтің өкілі.

30 маусымда Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігі Қытайдан тағы 1 миллион ZF-UZ-VAC2001 вакцинасы келгенін мәлімдеген. Бүгінгі күнге дейін 6,5 миллион дана екпе келген.

Өзбекстанда қытай-өзбек вакцинасынан бөлек AstraZeneca және "Спутник V" вакциналары салынып жатыр.

33 млн халқы бар Өзбекстанда кейінгі күндері 500-ге жуық науқас анықталып жүр. Коронавирус жұқтырғандар 110 мыңға жетті. 107 мыңнан астамы жазылған. Індет кезінде 736 адам коронавирустан қайтыс болды деп айтылады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG