Accessibility links

Ресей Ауғанстаннан консулдық қызметкерлерін алып кетіп жатыр


Елшілік ғимаратында ілініп тұрған Ресей туы мен бақылау камерасы. Көрнекі сурет.
Елшілік ғимаратында ілініп тұрған Ресей туы мен бақылау камерасы. Көрнекі сурет.

Ауғанстанның Хайратон қаласында уақытша істеп жатқан Мазари-Шарифтегі Ресей консулдығының дипломаттары Өзбекстанға көшірілді. Бұл туралы "Интерфакс" Өзбекстан СІМ өкілі Юсуп Кабулжановқа сілтеме жасап хабарлады.

Ресейдің Кабулдағы елшісі Дмитрий Жирнов хабарлағандай, Мазари-Шарифтегі бас консулдық уақытша жабылған, себебі ол қалада және айналасындағы ахуал тыныш емес. Дипломаттар азаматтарды Хайратон қаласында қабылдап жатқан.

Жирновтың айтуынша, "Талибан" қозғалысы Ауғанстанның бірқатар жерлерін басып алғанына қарамастан, бірде-бір ірі қала, оның ішінде Мазари-Шариф содырлардың бақылауына өткен жоқ.

Мазари-Шариф – Ауғанстандағы төртінші ірі қала. Балх провинциясының солтүстік бөлігінде жайғасқан және Ауғанстанның Термез қаласынан 58 шақырым қашықтықта орналасқан.

"Талибан" қозғалысы 9 шілдеде Мәскеуде өткен баспасөз мәслихатында Орталық Азия елдерінің шекарасына тиіспейтінін айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG