Accessibility links

"Талибан" Ауғанстан шекарасының 90 пайызын бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді


Шекара маңын бақылап тұрған "Талибан" тобы.
Шекара маңын бақылап тұрған "Талибан" тобы.

"Талибан" Ауғанстан шекарасының 90 пайызын бақылауда ұстап отыр. 22 шілдеде әскери топтың ресми өкілі ресейлік ақпарат құралдарына осылай деп мәлімдеді. АҚШ бастаған халықаралық коалиция күштері Ауғанстаннан кетіп жатқан шақта аталған экстремистік топ көптеген ауданды басып алып, ықпалын күшейте бастаған.

"Ауғанстанның Тәжікстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Иранмен шекарасы немесе шекараның 90 пайыз бөлігін бақылап отырмыз" деп мәлімдеді "Талибанның" ресми өкілі Забихулла Мухаджид РИА Новости агенттігіне.

Дегенмен бұл ақпаратты растайтын тәуелсіз дереккөздер табылмады.

Екі күн бұрын АҚШ қорғаныс министрлігінің лауазымды өкілі "Талибан" Ауғанстандағы 420 аудан орталығының шамамен жартысын бақылайды деп мәлімдеген. АҚШ штаб жетекшілерінің біріккен комитетінің төрағасы, генерал Марк Милли 21 шілдеде шабуылды үдеткен тәліптер "стратегиялық импульсқа" қол жеткізгенмен олар жеңіске жетеді деп толық кесіп айтуға болмайды деген еді.

Оның айтуынша, әскери топ Ауғанстандағы бірде-бір негізгі қаланы бақылап отырған жоқ және ауған үкіметінің күштері негізгі орталықтардың тұрғындарын тәліптерден қорғау үшін бар күшті сол жаққа жұмылдырып отыр.

Ауғанстандағы жағдай ушыққан шақта бір күн бұрын Тәжікстанның әскери дайындықты пысықтағаны хабарланған еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG