Accessibility links

Жыл басынан бері вакцинаның жалған паспортын жасау бойынша 39 қылмыстық іс ашылған


Коронавирусқа қарсы вакцина. Көрнекі сурет.
Коронавирусқа қарсы вакцина. Көрнекі сурет.

Қазақстанда жыл басынан бері вакцинаның жалған паспортын жасау бойынша 39 қылмыстық іс ашылған. Жалған ПТР-тест жасағандардың үстінен 47 іс қозғалған. Сәрсенбі күнгі брифинг кезінде ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғали Заппаров осылай деп мәлімдеді.

"Жыл басынан бері полиция органдары 86 қылмыстық іс қозғады, 39-ы вакцинаның жалған паспортын жасау және 47-і қолдан ПТР-анықтама жасаумен байланысты" деді Заппаров.

Вице-министр заңнамада жалған құжат жасау бойынша 4 жылға дейін түрме жазасы қарастырылғанын, оны пайдаланғандар 40 күнге дейін қамалуы мүмкін екенін ескертті.

Ведомство сонымен бірге жалған құжат жасау қызметін ұсынған 62 хабарландыруды бұғаттағанын да жеткізді.

Маусым айының соңында ішкі істер министрлігі жалған паспорт жасағандардың үстінен 4 қылмыстық іс қозғалды деп мәлімдеген. Ведомство "мұндай қылмыс жаппай сипат алды" деген ақпаратты жоққа шығарған.

Осыған дейін Алматы мен Нұр-Сұлтанда жалған құжат медицина қызметкерлерінің ұсталғаны хабарланған еді. Ведомство маусым айында екі іс сотқа жетті деп мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG