Accessibility links

Алматыда Болат Атабаевты ақтық сапарға шығарып салды


Болат Атабаевпен қоштасу рәсімі. Алматы, 30 шілде 2021 жыл. Скриншот.
Болат Атабаевпен қоштасу рәсімі. Алматы, 30 шілде 2021 жыл. Скриншот.

30 шілдеде күндіз Алматыда жұрт бір күн бұрын қайтыс болған режиссер, оппозиция қайраткері Болат Атабаевты ақтық сапарға шығарып салды.

Қоштасу рәсімі режиссердің үйінің есігінің алдында өтті. Карантинге қарамастан оған өте көп адам жиналды. Режиссердің әріптестері, қоғам қайраткерлері, белсенділер марқұмның туыстарына көңіл айтты. Жиналғандар арасында бірлі-жарым билік өкілі болды.

Болат Атабаевты Алматы маңындағы Кеңсай зиратына жерлейді.

Режиссер былтыр Германияда ауыр операцияны бастан кешірген. Оның Қазақстанға оралғанына көп болмаған.

Болат Атабаев Қазақстанда саяси-қоғамдық мәселелерге өткір пікір айтумен танымал болды. Билікті сынады. Түрлі оппозициялық ұйымдарды қолдаған режиссер оппозициялық белсенділігі үшін қуғындалды. Жаңаөзен оқиғасынан кейін "әлеуметтік араздық қоздыру" бабы бойынша қамалып, қоғам және халықаралық қауымдастық қысымынан кейін босатылды. Бірақ оған қоқан-лоқы, қысым тыйылған жоқ, соның салдарынан шетелге кетуге мәжбүр болған.

Қазақстандық құқық қорғаушылар Болат Атабаевты пікір-көзқарасы үшін қуғынға ұшыраған азаматтар қатарына қосқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG