Accessibility links

Өзбекстанға АҚШ-тан Moderna вакцинасының 3 млн дозасы жеткізілді


Коронавирусқа қарсы Moderna екпесі. Көрнекі сурет.
Коронавирусқа қарсы Moderna екпесі. Көрнекі сурет.

Өзбекстанға АҚШ-тан коронавирусқа қарсы Moderna вакцинасының 3 млн 60 дозасы жеткізілді. Азаттықтың Өзбек қызметі – Озодлик радиосы мұндай ақпаратты Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі таратқанын хабарлады.

АҚШ Өзбекстанға бұл вакцина партиясын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) COVAX гуманитарлық бағдарламасы аясында тегін берген.

Moderna – АҚШ-та коронавирусқа қарсы жиі қолданылатын үш екпенің, сонымен бірге ДДСҰ коронавирусқа қарсы қолдануға тиімді деп таныған бес вакцинаның бірі.

АҚШ ресми өкілдері Moderna вакцинасының коронавирусқа қарсы қолдануда пайдалы әсері 94 пайыздан жоғары дейді. Бұған дейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 18 жастағы азаматтарға салуға АҚШ-тан Moderna вакцинасы әкелінеді деп мәлімдеген.

Moderna жеткізілгеннен кейін Өзбекстанның коронавирусқа қарсы вакцина қорында 12,58 млн доза бар. Оның ішінде 710 мыңы –AstraZeneca, 370 мыңы – Спутник V және 8,5 млн – ZF-UZ-VAC2001 (Қытай ғылым академиясы микробиология институты әзірлеген, Anhui Zhifei Longcom Biopharmaceutical фармацевтика компаниясы шығарған. Өзбекстан оның қосалқы авторы саналады).

28 шілде күнгі мәлімет бойынша, халқының саны 33,5 млн-нан астам Өзбекстанда осы кезге дейін коронавирусқа қарсы 7 млн-ға жуық вакцина дозасы пайдаланылған, 1,1 млн адам вакцинаны толық алған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG