Accessibility links

Ұлыбритания өз азаматтарын Ауғанстаннан кетуге үндеді


Ауғанстан үкіметінің ақпарат және медиа орталығының басшысы Дава Хан Менапал қастандықпен өлтірілген жерде жүрген қауіпсіздік қызметі өкілдері. Кабул, Ауғанстан, 6 тамыз 2021 жыл.
Ауғанстан үкіметінің ақпарат және медиа орталығының басшысы Дава Хан Менапал қастандықпен өлтірілген жерде жүрген қауіпсіздік қызметі өкілдері. Кабул, Ауғанстан, 6 тамыз 2021 жыл.

Ұлыбритания Ауғанстандағы ахуал нашарлап бара жатқандықтан өз азаматтарын бұл елден жедел кетуге үндеді.

"Ауғанстандағы британ азаматтарының барлығына коммерциялық көлік құралымен елден кетуге кеңес беріледі" делінген британ үкіметінің сыртқы, достастық және даму істері департаментінің ресми сайтында 6 тамызда жарияланған мәлімдемеде. Бұл үндеудің алдында Ауғанстанда біраздан бері белсенді іс-қимылға көшіп, елдің едәуір бөлігін өзіне бағындырған "Талибан" радикал қозғалысы Нимроз уәлаятының орталығы Заранж қаласын басып алған еді. Ал дәл сол күні Кабулда Ауғанстан үкіметінің ақпарат және медиа орталығының басшысын атып өлтірген. "Талибан" осы қылмысты өзі жасағанын мәлімдеді.

Нью-Йоркте БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Ауғанстандағы қауіпсіздік ахуалын талқылады. БҰҰ-ның Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Дебора Лайонс "Талибанның" елдегі ахуалды саяси жолмен реттеу жөніндегі өз міндеттемесін лайықты атқарып отырғанына күмән келтірді. Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі Василий Небензя Ауғанстанға төніп тұрған азаматтық соғыстың ұзаққа созылу қатері "ащы шындық екенін" мәлімдеді.

АҚШ пен басқа елдер қарулы күштерін ауған жерінен шығаруды ресми түрде биыл 1 мамырдан қолға алған. Бұл процесті қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланған. Шетел әскері елден әкетіле бастасымен-ақ Ауғанстандағы қарулы қақтығыстар үдеп кеткен болатын.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG