Өзбекстанда билік басындағы Либерал-демократиялық партия 24 қазандағы президент сайлауына қазіргі мемлекет басшысы Шавкат Мирзияевты кандидат ретінде ұсынды.
64 жастағы Мирзияев партияның 7 тамыздағы бұл мәлімдемесіне жауап қатқан жоқ. Бірақ оның сайлауға түсетініне және жеңімпаз атанатынына күмән келтіретіндер аз.
Мирзияев билік басына 2016 жылы келген. Сол жылы күзде елдің бірінші президенті Ислам Каримов қайтыс болып, Мирзияев соның ізін басқан.
Президент атана сала ол елде ірі экономикалық реформаларды бастап, дін мен баспасөз еркіндігіне қойылған шектеулерді жеңілдетті. Бірақ сарапшылар Өзбекстанның әлі де авторитарлық ел екенін, Мирзияев уәде еткен реформалар терең өзгерістер әкелмегенін айтады. Сонымен қатар кейінгі жылдары жемқорлық дауларында мемлекет басшысының аты жиі аталып жүр.
Парламенттегі өзге төрт партия өз кандидаттарын ұсынып қойған.
ПІКІРЛЕР