Accessibility links

Өзбекстанда жаңа оқу жылында сабақ аралас форматта өтеді


Өзбекстанның халыққа білім беру министрлігі 2021-2022 оқу жылында мектептердегі сабақ аралас форматта өтетінін хабарлады.

Министрлік шешімін елде мектеп жасындағы балалар арасында коронавирус жұқтырғандардың көбеюімен түсіндірді.

Жаңа оқу жылында кейбір мектептер қалыптасқан жағдайға байланысты карантинге жабылып, оқуды қашықтан жалғастыруы мүмкін.

"Мұндай жағдайда оқушылар үйде оқиды. Оқушыларға қашықтан оқуға көмек ретінде Ұлттық телерадиомпанияның телеарналарында сабақтар көрсетіледі" делінген министрлік хабарламасында.

Қашықтан оқу жүйесі мектепте оқуды алмастыра алмайтынын ескерткен министрлік білім жүйесіндегі қызметкерлерді вакцина салдыруға шақырды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG