Accessibility links

Тайваньға байланысты даудан кейін Пекин Литва елшісін қайтаратынын айтты


Қытай Литваның Пекиндегі елшісін қайтарады және Вильнюстегі уәкілін шақырып алады. Бұған дейін Литва Тайваньға Балтық елінде де-факто елшілік ашуға рұқсат берген.

"Біз Литва тарабын қате шешімін дереу түзеуге шақырамыз, жағдайды қалпына келтіру үшін нақты шара қолданып, теріс бағытта жылжымауға үндейміз" деді Қытай сыртқы істер министрі 10 тамыз күнгі мәлімдемесінде.

Тайвань сыртқы істер министрі Жозеф Ву өткен айда Тайпэй Вильнюсте "Тайвань өкілдігін ашады" деп мәлімдеген. Бұл идея жүзеге асса, Тайвань атауы Еуропада алғаш рет қытайсыз жеке өзі аталмақ.

Бұл қадамның маңызды екенін атап өткен Ву "Тайвань мен Литва демократиялық институттарды қорғау бойынша алдыңғы шепте жүр" деп мәлімдеді.

Әлем елдерінің басым бөлігі сияқты Литва да ресми түрде Тайванмен қарым-қатынас орнатпаған. Пекин Тайваньмен жеке қарым-қатынас жасамақ болған елдермен байланысты үзіп, Тайваньды Қытай территориясы деумен келеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG