Accessibility links

Өзбекстанда оппозициялық партия президент сайлауына бойкот жариялауға шақырды


"Эрк" демократиялық партияның төрағасы Мухаммад Салих.
"Эрк" демократиялық партияның төрағасы Мухаммад Салих.

Өзбекстанда биыл қазан айында өтетін президент сайлауы – Шавкат Мирзияев басында тұрған саяси топтың кезекті көрсетілімі. Елдегі оппозициялық "Эрк" партиясы 9 тамызда осылай деп мәлімдеді.

Партия лидері Мухаммад Салихтың айтуынша, бұл жолы да "қуыршақ-партиялар" Ислам Каримовтің тұсындағыдай президенттікке өз үміткерін ұсынады.

"Ал партиялар диктатор Каримовтің кезіндегідей дауыстарын Мирзиявқа береді" деді Салих.

"Эрк" партиясы 2019 жылғы парламент сайлауына және биылғы президент сайлауына әрекет етті. Бірақ елдің әділет министрлігі партияны ресми тіркеуден бас тартып, оның мүшелерін қуғындаған.

"Эрк" партиясы атынан президент сайлауына түсем деп мәлімдеген әнші Жахонгир Атажанов биыл маусым айында үміткер болудан бас тартты.

2020 жылы қаңтарда Өзбекстанның әділет министрлігі "Эрк" партиясын тіркеуден бас тартып, өлке аймағында қызметін жалғастыруға рұқсат бермеді.

Өзбекстанда президент сайлауы биыл 24 қазанда өтеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG