Accessibility links

Қырғыз президенті әкімдерге бюджет ақшасына көлік сатып алудан бас тартты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров бұған дейін аудан әкімдеріне қызмет автокөлігін сатып алуға жарияланған 60 млн сомның (707 мың доллар) тендерін өткізбеуді тапсырды деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Президенттің баспасөз хатшысы Ербол Сұлтанбаевтың мәлімдеуінше, мұндай "шешім елдегі экономикалық ахуалдың күрделі екенін және бюджет қаржысын басым бағыттан өзге мақсатқа жұмсауды қысқарту қажеттігін, сонымен бірге бұл мәселеге қоғам пікірін ескере отырып қабылданған".

Аталған тендерді президент пен үкімет іс басқармасының біріккен автокөлік бірлестігі жариялаған болатын. Техникалық талапқа сәйкес, сатып алынатын автокөліктер зауыттан 2021 жылы жасап шығарылған, айдалмаған, тек қана ақ түсті, оған қоса "толық жетекті, бес есікті, тасжолда жүруге епті, жол талғамайтын жүрдек" болуы шарт еді.

Кейін президенттің іс басқармасы тендер жөнінде түсініктеме таратты. Онда қызмет автокөліктерін аудан әкімдеріне сатып алу жоспарланып отырғаны хабарланды. Ол көліктер "жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, соның ішінде аудан әкімдерінің де қызмет міндетін атқару сапасын көтеріп, материалдық-техникалық базасын жақсарту және нығайту" үшін қажет екені айтылған еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG