Өткен сенбіде Гаитиде болған магнитудасы 7,2 балл жер сілкінісінен өлгендер 1297-ге жетті, 5,7 мыңға жуық адам жараланған. Бұл ақпаратты 15 тамызда Гаитидің Азаматтық қорғаныс қызметі таратты. Бұған дейінгі хабарларға қарағанда өлім-жітім жер сілкінісінің негізгі ошағына жақын маңда көбірек болған.
200 мың халқы бар Жереми қаласының орталығында негізінен бір қабатты үйлер құлаған. Көп қабатты қонақүйлері қираған Ле-ке қаласы да зардап шеккен.
Гаити премьер-министрі елде төтенше жағдай жариялаған. Халықаралық гуманитарлық ұйымдар, дәрігерлер мен құтқарушылар көмекке барып жатыр.
Аралда орналасқан Гаити 16 тамызда Кариб теңізінен соғатын дауылды күтіп отыр. АҚШ-тың Дауылды зерттеу орталығы (NHC) Гаитидің кейбір аудандарын су алып кетуі мүмкін деп мәлімдеді.
ПІКІРЛЕР