Accessibility links

Қазақстанда тағы да 6,9 мың адам вирус жұқтырып, 118 адам қайтыс болды

Коронавирус жұққан науқастарды қарап шыққан дәрігерлер киімін ауыстырып жатыр. Олар ауа өткізбейтін, үсті-басын тұмшалап тұратын қорғаныш киімін әр үш сағат сайын түгел ауыстырады. Нұр-Сұлтан қаласындағы Covid орталығы, 6 тамыз 2021 жыл.

Өткен тәулікте 6869 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР тест арқылы расталды. Бұл ақпаратты Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі таратты.

Коронавирус ең көп таралған өңірлер арасында Алматы қаласы (1517) мен Қарағанды облысы (1101) алғашқы орындарда тұр. Маусым айынан бері Нұр-Сұлтан қаласында бірінші рет 700-ден азайып, 632 адам болған.

17 тамыздағы мәлімет бойынша, Қазақстанда барлығы 120 488 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның 30 996-сы стационарда, 89 492-сі амбулаториялық ем қабылдап жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 1910 адамның жағдайы ауыр, 529 адам хәл үстінде, 251 адамға жасанды тыныс аппараты қойылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG