Accessibility links

Тәліптер жұма намазда халықты Ауғанстаннан кетпеуге үгіттеді


Мешітте отырған ауған мұсылмандары. Ауғанстан.
Мешітте отырған ауған мұсылмандары. Ауғанстан.

"Талибан" Ауғанстанды бақылауына алғаннан кейінгі алғашқы жұма намазда имамдарды ел бірлігін сақтау туралы уағыз айтуға шақырды.

19 тамызда, Ауғанстан Тәуелсіздігі күні бірнеше қалада тәліптер билігіне қарсы шеру өтті. Бейбіт өмірге уәде беріп, шариғат заңымен жұмыс істейтін үкімет құратынын мәлімдеген тәліптер оғынан бірнеше адамның қаза болғаны туралы хабар тарады.

Жұма намазда тәліптер "отандастарын жан-жаққа қашпай, ел игілігіне жұмыс істеу, жаудың үгіт-насихатына сенбеуді" уағыздады.

Бейсенбі күні Ауғанстан астанасының бірқалыпты тірлікке көшкені, қарулы тәліптер көше аралап жүргені байқалды, дүкендер мен кәсіпорындар жұмыстарын жалғастыра бастады. Банктер мен мемлекеттік мекемелер әзірге жабық.

Кабул әуежайында эвакуция тоқтаған жоқ, АҚШ пен оның одақтастарының әскери күштері әуежайдағы қауіпсіздікті бақылап тұр. 19 тамызда генерал-майор Хэнк Тейлор 14 тамыздан бері АҚШ әскери күштері Ауғанстаннан жеті мыңға жуық адамды әкеткенін хабарлады.

Пентагонның мәлімдеуінше, тәліптер шетел азаматтарын эвакуциялауға кедергі келтірмейтіндей көрінеді. Алайда олардың кей ауғандарды әуежайға жібермеуі Ауғанстаннан кеткісі келетіндер арасында үрей мен дүрбелең туғызғанға ұқсайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG