Accessibility links

Әлемде коронавирус вакцинасының бес миллиардқа жуық дозасы салынды


Вакцина өндірісі. Көрнекі сурет
Вакцина өндірісі. Көрнекі сурет

Иммунитетті күшейту кампаниясы басталғалы бері әлемде коронавирус вакцинасының бес миллиардқа жуық дозасы салынды. 23 тамызда Our World in Data ұйымы жариялаған цифр, бүкіл әлемде 4,93 миллиард доза пайдаланылғанын, таяуда бес миллиардқа жететінін көрсетеді.

Жер бетіндегі халықтың үштен бірі вакцинаның тым болғанда бір дозасын, төрттен бірі толық алған. Вакциналардың көпшілігі екі дозадан салынады, алайда вакцина күшінің уақыт өте әлсіреуінен және коронавирустың әлдеқайда тез жұғатын дельта штамынан қауіптеніп, вакцинаның үшінші дозасын салдырып жатқан елдер де бар.

Сарапшылар байқауына қарағанда, вакцина жетімділігі мен вакциналау жылдамдығы әр елде әртүрлі. Табысы орташа немесе жоғары елдер вакцина қорын белсенді пайдаланса, вакцинаның бір дозасын ғана алған табысы аз елдер де бар.

Әсіресе Африкадағы жағдай ауыр. Мұнда вакциналау деңгейі бір пайызға да жетпейді, кейбір компанияларда әлі басталмаған да.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы індетті тоқтатып, вирус мутациясын төмендету үшін табысы аз елдер де вакциналауды күшейтуге тиіс деп санайды.

Қазақстанда негізінен Ресей ғалымдары жасап, Қарағанды зауытында өндірілетін "Спутник V" вакцинасы қолданылады. 6,3 миллион адам оның екі компонентін де алса, бес миллион адам тым болмағанда бір компонентін алған. Вакцина паспортын сатып алғандар да бар екені ресми түрде бірнеше рет айтылды. Олар да вакцина салдырғандар қатарына жатады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG