Accessibility links

Төртінші медаль. Пара дзюдошы Байбатина Токио паралимпиадасында күміс жүлдегер атанды


Қазақстандық пара дзюдошы Зарина Байбатина.
Қазақстандық пара дзюдошы Зарина Байбатина.

Қазақстанның пара дзюдошысы Зарина Байбатина Токиодағы паралимпиадада +70 келіде белдесіп, финалында Әзербайжан балуаны Дурсадаф Каримовадан жеңіліп қалды.

Байбатина ширек финалда моңғолиялық Алтанцэцэг Ниямааны, жартылай финалда Италия дзюдошысы Каролина Костаны жеңген еді.

Байбатина 1997 жылы спорт мектеп интернатына оқуға түсіп, дзюдомен айналыса бастаған. 2013 жылы дзюдодан Қазақстан чемпионатында +78 келіде күміс медаль иеленген еді. Алайда кейін көзінің көруі нашарлап, спорттан кеткен еді. 2016 жылы бапкерлер оны пара дзюдоға шақырып, Байбатина татамиге қайта оралады. 2019 жылы Атырауда өткен пара дзюдодан Азия чемпионатында күміс медаль иеленген еді.

Қазақстан пара дзюдодан Токио паралимпиадасында үш күміс медаль иеленді. Бұған дейін пара дзюдошылар Теміржан Дәулет пен Әнуар Сариев те күміс жүлдегер атанған.

Паралимпиада ойындарының алтыншы күнінен кейін бір алтын, үш күміс алған Қазақстан жалпы есепте 28-орында тұр. Алтын жүлдені пауэрлифтингтен Давид Дегтярев жеңіп алды.

Қазақстан Токиодағы паралимпиада ойындарына 25 спортшы жіберді. Бұл жарыс 5 қыркүйекте аяқталады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG