Accessibility links

Азаматтық қозғалыстың ардагері Ирина Савостина қайтыс болды


"Поколение" қозғалысының жетекшісі, 84 жастағы Ирина Савостина үйін "кеңсеге айналдырған". Алматы, 6 шілде 2018 жыл.
"Поколение" қозғалысының жетекшісі, 84 жастағы Ирина Савостина үйін "кеңсеге айналдырған". Алматы, 6 шілде 2018 жыл.

2 қыркүйек күні қоғам қайраткері Ирина Савостина 88 жасына қараған шағында ұзаққа созылған дерттен қайтыс болды.

Ирина Савостина зейнеткерлер мәселесімен айналысатын "Поколение" қозғалысына жетекшілік етті. Қоғамда айрықша белсенділігімен танылып, Қазақстанның қоғамның саяси өміріндегі ықпалды адамдардың біріне айналды. Белсенділігі мен беделінің арқасында ол билік орындарының кейбір әлеуметтік шешімдеріне әсер етті. Жақтастарын ертіп Алматы қаласының орталық алаңына қарсылық акциясына жиі шығып жүрді.

Савостина мен оның серіктері зейнет жасын көтеруге, коммуналдық қызмет ақысын қымбаттатуға қарсылық білдірді. Әріптестері оның көп зейнеткердің зейнетақысын қайта есептеуге септескенін, жалғызілікті зейнеткерлерге демеушілерден көмек әпергенін айтады.

Ирина Савостина елдегі демократиялық қозғалыстарды қолдады. 2000 жылдары құрылған "Қазақстаның демократиялық таңдауы" қозғалысының (кейін сот шешімімен жабылған) жиындарына, оппозиция белсенділері ұйымдастырған "Қазақстан демократиялық күштерінің форумына" қатысты.

2011 жылы оппозиция өкілдері мен белсенділерін "Азаттық" сыйлығымен марапаттау салтанатында сөйлеген ол "Қазақстанда демократия болмайынша еркіндік те болмайды" деген еді.

Ирина Савостина 1934 жылы Мәскеуде дүниеге келген. Ата-анасы 1939 жылы қуғын-сүргінге ұшырап, Колымаға жер аударылған.

"Орыс тілі мен әдебиеті" мамандығы бойынша пединститут бітірген Савостина 1947 жылы Алматыға келген. Мектепте жұмыс істеп, қосымша көркем шығармашылық үйірмелерін жүргізді. Зейнетке шыққан соң қоғамдық жұмысқа белсене кірісті. Өмірінің соңғы жылдарын Алматыдағы пәтерінде өткізді. Поэзиямен айналысты, әдеби жинақтарда өлеңдері жарық көрді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG