Accessibility links

"Талибан": Ауғанстанды қалпына келтіру жолындағы басты серігіміз Қытай болады


Забиолла Муджахид
Забиолла Муджахид

Талибан қозғалысы "Қытай Кабулмен дипломатиялық қатынас орнатады, Ауғанстан билігі экономикалық мәселелерде Қытайға арқа сүйейді" деп мәлімдеді.

"Талибан" қозғалысының өкілі Забиоллла Муджахид 2 қыркүйекте Италияның La Repubblica газетіне айтқан сөзінде "Қытай — Ауғанстан экономикасын тығырықтан алып шығып, қалпына келтіру жолында «Талибанның» басты серіктесі болады" деді.

Ауғанстандағы билікті алған тәліптер бұрынғы радикал көзқарастарынан бас тартқанына, қарсыластарын қуғын-сүргінге салмай, Батыс алаңдап отырған адам құқықтарын сақтайтынына сендіргісі келеді.

АҚШ пен оның одақтастары Ауғанстандағы дипломатиялық миссияларын жапты. Батыс "Талибан" билігін тану мен Ауғанстанға көмек көрсету мәселесі қозғалыстың әрі қарайғы іс-әрекетіне байланысты болады деп мәлімдеді. Ал Қытай Ауғанстан жөніндегі ұстанымында адам құқығы мәселесін ескере қоюы екіталай.

"Қытай елімізге инвестиция салып, қалпына келтіруге дайын. Бізге тамаша мүмкіндік бергелі отыр", — дейді Муджахид La Repubblica газетіне.

Муджахид Қытайдың "Бір белдеу, бір жол" деп аталатын, әлемнің ондаған еліне ұсынып отырған үлкен жобасына тәліптер қызығушылық білдіріп отырғанын айтты. "Мыс қоры мол кенішімізді Қытай қайта жаңғыртып беретін болды. Бір сөзбен айтқанда Қытай бізді әлем рыногына шығарайын деп тұр", — дейд Муджахид.

2 қыркүйекте "Талибанның" тағы бір өкілі Қытай Ауғанстандағы елшілігін қалдыруға және гуманитарлық көмек көлемін ұлғайтуға уәде бергенін мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG