Accessibility links

Ахмад Масуд тәліптермен келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді


Панжшер шатқалын бақылап отырған Масуд жақтастары. Мұрағаттан алынған сурет.
Панжшер шатқалын бақылап отырған Масуд жақтастары. Мұрағаттан алынған сурет.

Ауғанстан ұлттық майданының жетекшісі Ахмад Масуд Facebook парақшасында қарсы тараптың қақтығысты реттеу бойынша келіссөз жүргізу туралы ұсынысын жылы қарсы алды. Осыған дейін "Талибан" қозғалысы (Қазақстанда бұл ұйымға тыйым салынған) Панжшер провинциясының әкімшілік орталығы Базарак қаласына басып кіргенін хабарлаған.

"Тұрақты бейбітшілік орнату мақсатында Ауғанстан ұлттық майданы соғысты тоқтатуға даяр, ол үшін Талибан да Панжшер мен Андарабтағы шабуылдары мен әскери операцияларын доғаруы тиіс" деді Ахмад Масуд. Оның сөзін Reuters агенттігі келтіреді.

Ауған ақпарат құралдарының жазуынша, бұған дейін ислам дінбасыларының кеңесі "Талибанды" Панжшердегі қақтығысты келіссөз арқылы тоқтатуға шақырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG