Accessibility links

Covid: Бір күнде 62 адам коронавирус пен "пневмониядан" қайтыс болды


Коронавирус жұққан науқастарды емдейтін орталық.
Коронавирус жұққан науқастарды емдейтін орталық.

22 қыркүйекте Қазақстанда 2 693 адамның анализінен коронавирус анықталды. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 282 адамға көп. Сәрсенбі күні 3905 адам коронавирустан жазылған.

Бір күнде анықталған науқастар саны жөнінен Алматы қаласы бірінші орында (549) тұр. Қарағанды облысында 431 адамнан Covid табылған. Алматы облысында – 256, Павлодар облысында – 192, Нұр-Сұлтанда 191 науқас тіркелген.

Індет басталғалы бері 870 мың адамның ПТР тесті оң шыққан. 10 913-і қайтыс болған. 21 қыркүйекте 53 адам көз жұмды.

Қазақстанда пневмонияның коронавирусқа ұқсас түріне шалдыққандар 2020 жылдың 1 тамызынан бері есепке алынып келеді. Былтыр Қазақстанда жазда жиі кездеспейтін өкпенің қабынуы өршіген кезде ДДСҰ "өлім қаупі жоғары қазақстандық пневмония" – дұрыс анықталмаған Covid деп мәлімдеген.

2020 жылдың тамызынан бері елде 74 мың коронавирус пневмониясына шалдыққан. 61 мыңы жазылған. 4769 адам қайтыс болған. 21 қыркүйекте 9 адам содан көз жұмған. 247 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған.

Қазір 66 мың адам коронавирустан емделіп жатыр. 11,6 мыңы стационарда жатыр. 962 адамның жағдайы ауыр, 239 адамның жағдайы тым ауыр. 131 науқас жасанды тыныс аппаратына қосылған.

Коронавирусқа қарсы вакцинаның толық дозасын алғандар 6,2 млн адамға жетті. 1,2 млн адам екінші дозасын күтіп жүр.

Індет басталғалы бері әлемде коронавирус жұқтырғандар 230 млн адамға жетті. 4,7 млн адам қайтыс болды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG