Қазақстанда тамыз айында коронавирус жұқтырғаны расталған 490 адамның өлімі осы індеттен қайтыс болғандардың статистикасына кірмей қалған. Мұны денсаулық сақтау министрлігінің Азаттыққа жолдаған хатынан көруге хабарлады.
Министрлік ол адамдардың өзге аурудан қайтыс болғанын айтады. Мекеменің Азаттыққа жолдаған хатында "коронавирустың жанама әсерінен қайтыс болған" 490 адамның арасында 351 адам қанайналым ауруларынан, 46 адам эндокриндік аурулардан, 39 адам тыныс ауруларынан көз жұмғаны айтылады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жіктемесінде коронавирус жұққаны расталса, оқыс жағдайдан (травма) өзгесінің бәрі Covid өліміне жатқызылуы тиіс делінген.
Денсаулық сақтау министрлігі бұл есептің барын былтыр маусымда бір-ақ айтқан. Оған дейін Азаттық тілшілері коронавирустан қайтыс болғандарды жерлеуге арналған зиратта ресми деректегіден көп адам жерленгенін әшкерелеген.
Министрлік бұл есепті өз еркімен жүйелі түрде жарияламайды. Тек журналистер сауал жолдағанда ғана хабарлайды.
Тамыз айын қоса алғанда, елде коронавирус жұқтырғаны расталғандар арасында барлығы 3123 адамның өлімі статистикаға қосылмаған.
Ресми дерек бойынша, Қазақстанда індет басталғалы 878 990 мың адамның анализінен коронавирус анықталған. Оның 11 мың 65-і осы аурудан қайтыс болды деп көрсетілген. Билік бұл статистикаға "коронавирустың жанама әсерінен" қайтыс болғандар кіргізбейді.
ПІКІРЛЕР