Accessibility links

Ғаламдық жылынудан сақтану үшін 32 ел метанның бөлініп шығуын қысқартады


"Ғаламдық метан міндеті" жобасына 32 ел қосылып, 2030 жылға дейін метанды ауаға шығаруды 30%-ға қысқарту міндетін алды. Осылай халықаралық қауымдастық ғаламдық жылынуға қарсы тұра алады деп мәлімдеді дүйсенбі күні АҚШ президенті Джо Байден.

Жоба қараша айында Шотландияда өтетін БҰҰ-ның климатқа қатысты конференция қарсаңында дайын болмақ. Оның мақсаты – әлем елдерін ортақ шараға қосылып, ауа температурасын 2100 жылға қарай 1,5 градусқа ғана көтерілуін ұстап қалу. Бұл құрғақшылықтан, қатты ыстықтан, экожүйе апатынан сақтап қалуға көмектеседі дейді.

Метан – ауа температурасының көтерілуіне әсер ететін көмірқышқыл газдан кейінгі улы зат. Мамандар ол тіптен көмірқышқыл газынан да қауіпті болуы мүмкін дейді. 20 жылда атмосфераны 80 есеге күйдіріп жіберуі мүмкін.

АҚШ қазірдің өзінде мұнай және газ шығаратын ұңғымадан метанның бөлініп шығуын азайтып жатыр. Метанның бөлініп шығуын азайту жобасын әлемді ластап жатқан 20 ірі елдің тоғызы қолдады. Олар - АҚШ, Еуроодаққа мүше елдер, Канада, Индонезия, Пәкістан, Мексика, Нигерия, Аргентина және Ирак. Бұл жобаға Қытай, Үндістан, Ресей және Бразилия кіруге дайын.

Ғаламдық жылыну мәселесі Қазақстанды алаңдата ма?
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:37 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG