Accessibility links

Қазақстанда 20 қазаннан бастап карантин жеңілдейді


Қазақстандықтардың коронавирус бойынша статусын көрсететін "Ашық" қосымшасы.
Қазақстандықтардың коронавирус бойынша статусын көрсететін "Ашық" қосымшасы.

Коронавируспен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия 20 қазаннан бастап карантинді жеңілдету туралы шешім қабылдады. Бұл жөнінде 19 қазанда денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Цой аталған шешімді "елдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталуы және вакцина алуы тиіс халықтың 70 пайыздан астамына вакцина салынғандығымен" түсіндірді.

Шешімге сәйкес:

  • Коронавирусқа қарсы вакцинаның толық дозасын алған және коронавирус жұқпағаны жөнінде анықтамасы бар (үш күнге жарамды) адамдар медициналық-әлеуметтік нысандарға, қарттар мен мүгедектер үйіне, балалар үйіне және өзге орындарға бара алады;
  • Түнгі клубтар ашылады, бірақ оған "Ашық" қосымшасында "жасыл" статусы бар адамдар ғана бара алады. Одан бөлек, "жасыл аймақта" тұрған елді мекендердегі клубта адамдар – 100-ден, "сары аймақта" – 70, "қызыл аймақта" 50-ден аспауы тиіс.

Бұған қоса, "Ашық" қосымшасымен жұмыс істейтін бизнес нысандардың жұмыс уақыты өзгереді:

– "жасыл аймақта": түнгі 3.00-ге дейін, "Ашық" лидерлері – таңғы беске дейін;

– "сары аймақта": түнгі бірге дейін, "Ашық" лидерлері түнгі 3.00-ге дейін жұмыс істей алады.

Қазақстанда қазір күніне 1500-2000 төңірегінде адамнан коронавирус анықталып жатыр. Бірақ әлі де адам өлімі көп. Ресми мәлімет бойынша, күн сайын ондаған адам коронавирустан қайтыс болады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG