Грузия прокуратурасы елдің бұрынғы президенті Михаил Саакашвилиге шекараны заңсыз кесіп өтті деген айып тақты.
Мекеме мәліметінше, Саакашвили Украинаның Черноморска жерінен Грузияның Поти қаласына бет алған "Вильнюс" кемесінде болған. 29 қыркүйекке қараған түні кеме сүт өнімдері толтырылған жүкті тиеп, Грузияға бет алған. Соның ішінде Саакашвили де болған. Прокуратура Саакашвилидің кемеде болғанын дәлелдейтін видео, фото суреттер бар екенін айтады.
"РИА Новости" агенттігінің хабарлауынша, Саакашвилиді шекарадан өткізуге көмектескен үш адам ұсталған. Олардың бірі сол кеме жүргізушісі Элгудже Цомае мен Поти портының екі қызметкері. Сәрсенбі күні тағы бір адамның ұсталғаны хабарланды. Ол да кемеде болған.
1 қазанда Михаил Саакашвили Грузияға оралды. Қазір ол Рустави қаласындағы түрмеде отыр.
ПІКІРЛЕР