Accessibility links

Экология министрі Жайық өзенінің тартылуына байланысты түсініктеме берді


Тартылған Жайық өзені. 18 қазан 2021 жыл.
Тартылған Жайық өзені. 18 қазан 2021 жыл.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Жайық өзенінің тартылуына байланысты түсініктеме берді. Бұған дейін жергілікті тұрғындар Жайық өзенінің тартылып бара жатқаны жөнінде видео жариялап, дабыл қаққан.

"Жағдай шынымен күрделі. Одан хабардармыз. Мәселені бақылап отырмыз. Бірақ бәрі оңай шешіле салмайды. Су мөлшерінің азаюына көп фактор әсер етеді. Қазір мамандарымыз ресейлік мамандармен бірігіп, белгілі бір жұмыстар атқарып отыр. Жақын арада ортақ шешімге келеміз деп ойлаймын" деді министр.

Оның айтуынша, Жайық өзенінің тартылуына байланысты зерттеу жүргізіледі. Сәйкесінше қаржы бөлу мәселесі талқыланады. "Себебі, ғылыми зерттеусіз жұмысты жоспарлау күрделі. Мәселені ғылыми тұрғыдан қарастыру керек" деді министр.

Бұған дейін кейбір белсенділер Атыраудағы Жайық өзенінің тартылуына Қазақстан мен Ресейдің мемлекетаралық келісімде көрсетілген өзенді қорғау жөнінде шарттарды орындамауы себеп болып отыр деп мәлімдеген.

21 қазанда министр Серікқали Брекешев "Ресей тарабынан қандай да бір кедергілер жасалып жатқан жоқ па?" деген сұраққа "жоқ" деп жауап берді. Осыған дейін жергілікті инспекция мамандары Ресей тарабы суды бермей отыр деген болжамды жоққа шығарған.

Қарай отырыңыз: Сырдария мен Жайық неге тартылып жатыр? (19 қазан 2021 жыл).

Сырдария мен Жайық неге тартылып жатыр?
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:05 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG