Accessibility links

Молдовада газ тапшылығына байланысты төтенше жағдай жарияланды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Молдова парламенті үкімет ұсынысымен газ тапшылығына байланысты елде төтенше жағдай жариялады.

22 қазаннан бастап 20 қарашаға дейін созылатын төтенше жағдай кезінде ТЖ жөніндегі комиссия "табиғи газдың жетіспеген бөлігін шұғыл түрде сатып алуға күш салады".

Осыған дейін Молдова үкіметі ресейлік "Газпромға" балама тасымалдаушы табылмай, газ тапшылығы мәселесі ушықса, төтенше жағдай жариялайтынын ескерткен. Аймақтағы ірі газ монополисі – "Газпром" Еуропада энергетика дағдарысы ушықққан тұста Молдоваға газ тасымалдауды күрт қысқартқан.

Молдова премьер-министрі Наталия Гаврилица республикалық газ құбырларындағы қысымның ең төменгі деңгейге түсіп кеткенін хабарлады.

2,6 млн тұрғыны бар, Румыния мен Украина арасында шоғырланған Молдова Еуроодақ тасымалдаушыларынан көмек күтеді. "Газпроммен" ұзақмерзімді келісімнің мерзімі аяқталып келеді. Ресейлік концерн Кишиневтен жуырда мерзімі аяқталатын келісімде көрсетілген бағадан екі есе төлемді талап етіп отыр.

Қазір "Молдова-Газ" және "Газпром" компаниялары келіссөз жүргізіп жатыр. Соған қарамастан премьер-министр Гаврилица ұлттық компанияны республикалық газ құбырларында қысымды ұстап тұра алмағаны үшін сөкті.

Брюссель Молдоваға көмек қолын созуға тырысады. ЕО Румыния, Словакия және Украинадан газ тасымалдау мүмкіндігін қарастырып жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG