Accessibility links

Полиция Пенжімдегі оқиға жөнінде: Бір топ адам бірнеше үйдің әйнегін шағып, көліктерді бүлдірді


Алматы облысы Панфилов ауданы Пенжім ауылының кіреберісі. 28 қазан 2021 жыл.
Алматы облысы Панфилов ауданы Пенжім ауылының кіреберісі. 28 қазан 2021 жыл.

Алматы облысының полициясы Панфилов ауданы Пенжім ауылындағы оқиғаға байланысты "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Бір күн бұрын аталған елді мекенде оқушылар төбелесіп, соңы "тәртіпсіздікке ұласқаны" жөнінде хабар тараған. Әзірге толық емес ақпарат бойынша, бірнеше адам жарақат алған.

Полицияның мәліметінше, 27 қазанда кешкі сағат 8-дер шамасында "оқушылар арасындағы төбелеске қатысқандардың бірінің үйіне шамамен 30 адам жиналған".

"Бір топ адам бірқатар жеке үйлердің әйнектерін, сондай-ақ бірнеше автокөлікті сындырған" деді полиция.

Аталған факті бойынша "Топпен жасалған бұзақылық" (293-бап, 2-бөлім) бабымен қылмыстық іс қозғалған.

Дегенмен полиция хабарламасында іс аясында адамдардың ұсталғаны-ұсталмағаны айтылмаған. Қанша көлік, қанша үйдің де бүлінгені белгісіз.

28 қазанда күндіз Пенжім ауылына барғанАзаттық тілшісі ауылға блокпост қойылмағанын көрді.

Бейсенбі күні аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Марат Тайлақұлы Азаттық тілшісіне "ҰҚК өкілдерімен сөйлесіп отырмын, кейін хабарласыңыз" деп түсініктеме беруден бас тартты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG