Accessibility links

Грузия Орталық сайлау комиссиясы Саакашвили партиясының жеңіле бастағанын хабарлады


Сайлау учаскесі. Грузия. 30 қазан 2021 жыл.
Сайлау учаскесі. Грузия. 30 қазан 2021 жыл.

Грузияның Орталық сайлау комиссиясы жергілікті өзін-өзі басқару органдарына (муниципалитет) сайлаудың екінші турының алғашқы нәтижелерін хабарлады. Жарияланған хаттамаларға қарағанда Грузияның ірі қалаларында биліктегі "Грузин арманы" партиясының кандидаттары озып тұр.

Тбилисиде "Грузин арманы"— 55,6%, "Бірыңғай ұлттық қозғалыс" — 44,4%, Руставиде "Грузин арманы"— 54,3%, "Бірыңғай ұлттық қозғалыс" — 45,7%, Кутаисиде "Грузин арманы" — 52%, "Бірыңғай ұлттық қозғалыс" — 48%, Потиде "Грузин арманы" — 57,35%, "Бірыңғай ұлттық қозғалыс" — 42,65%, Батумиде "Грузин арманы" — 51,1%, "Бірыңғай ұлттық қозғалыс" — 48,9%, Зугдидиде "Грузин арманы" — 52,2%, "Бірыңғай ұлттық қозғалыс" — 47,8% пайыз дауыс алған.

Оппозиялық "Бірыңғай ұлттық қозғалыс" Цаленджиха (Самегрело, Батыс Грузия) қаласында ғана жеңіп, 51.75% дауыс, ал "Грузин арманы" – 48.25% дауыс алған.

Грузияда 30 қазанда муниципалитет сайлауының екінші туры өтті. Грузия азаматтары 15 муниципалитет пен өзін-өзі басқаратын 5 қала – Тбилиси, Батуми, Кутаиси, Поти, Руставидің мэрлерін және 24 округтен мажоритарлы жолмен сайланатын 42 депутатқа дауыс берген.

Бұл сайлауда қазір биліктегі "Грузин арманы" партиясы мен Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилидің "Бірыңғай ұлттық қозғалыс" партиясының бастамасымен құрылған "Біріккен оппозиция" негізгі бәсекелес болды.

Украинадан астыртын оралып, 1 қазанда қамауға алынған Саакашвили бостандық талап етіп бір айдан бері аштық жариялап отыр. Ол сайлау алдында отандастарын сайлауға белсенді қатысуға шақырған.

- Тірі қалатыным, я өлетінім сіздердің белсенділіктеріңізге байланысты,-дейді ол адвокаты арқылы жариялаған мәлімдемесінде. Бұған дейін ол "бостандыққа шыққанша аштығын жалғастыра беретінін немесе өлетінін" ескерткен.

Сайлау күні бірнеше учаскеде бәсекелес екі партия бақылаушылары мен "қолдаушылар" арасында кикілжің болған. Оппозия өкілдері сайлаушыларға қысым жасау, сатып алу фактілері болды деп мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG