Accessibility links

Польша: Беларусьпен шекарадан заңсыз өтушілер күрт көбейді


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Жексенбі күні Польша шекарашылары мигранттар Беларусьпен шекараны бір тәулікте 727 рет заңсыз кесіп өтуге талпынғаны хабарлады.

Шекара қызметіне сілтеме жасаған Польша радиосы Ирактың төрт азаматы ұсталғанын айтады. Үкіметтік емес ұйым дәрігерлерінің Беларусьпен шекарада жатқан мигранттарды қарауына Варшава әлі күнге рұқсат бермей отыр.

10 қазанда Польша мен Беларусь шекарасын заңсыз бұзып өтуді көздейтін 739 факті тіркелген. Бұл бүгінде бір тәуліктегі максимум көрсеткіш.

Еуропа одағының өкілдері Александр Лукашенконы 2020 жылы өткен президент сайлауынан кейін еркін ойлы азаматтарға қысым жасағаны үшін санкция салған Брюссельге ерегісіп, "мигранттантарды әдейі жіберіп отыр" деп айыптайды.

Өткен аптада Польша Беларусьпен шекарада шекарашыларды көбейтетінін хабарлаған. Германия мигранттар нөпірін тоқтату үшін Польша шекарасына жүздеген полиция жіберген.

Бұған дейін Варшава Беларусьпен шекара маңында төтенше жағдай жариялайтынын және шекараға үшкір сым тартып шығатынын мәлімдеген. Өткен аптада Польша депутаттары құны 410 миллион доллар болатын қабырға тұрғызуды мақұлдаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG