Accessibility links

Украина қорғаныс министрлігі: Ресей шекараға қосымша әскер тартқан жоқ


Киевтегі әскери парад. 18 тамыз 2021 жыл.
Киевтегі әскери парад. 18 тамыз 2021 жыл.

Ресей Украинамен шекараға қосымша әскер мен әскери техника әкелді деген ақпарат расталмады. Украина қорғаныс министрлігінің бас барлау басқармасы 1 қараша күні осылай деп мәлімдеді.

31 қазанда Ресей тарабының Украинамен шекараға қосымша әскер тартып, техника әкеліп жатқаны туралы ақпарат тараған. Бұл жөнінде Washington Post басылымы да жазған.

Америкалық басылым мақалада АҚШ пен ЕО әзірге ресми мәлімдеме жасамады, алайда олардың өкілдері оны сәуір айындағы жағдаймен салыстырды деп жазады. Сәуір айында Ресейдің Украинамен шекараға және аннексияланған Қырымға әскер тартуына Вашингтон кәдімгідей алаңдаушылық білдірген.

Киевтің пікірінше, Ресейдің шекарада қарулы күштерін көбейткені жайлы мәлімет – арнайы ақпараттық-психологиялық шабуылдың бір бөлігі.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG