Accessibility links

Түркіменстанда оқытушылар әлеуметтік желіні қолданбауға қолхат беріп жатыр


Түркіменстанда мемлекеттік мәдениет институтының оқытушылары жергілікті биліктің өкілдеріне әлеуметтік желіні, оның ішінде Инстаграм мен Фейсбукты қолданбауға қолхат беріп жатыр. Бұл жөнінде Азаттықтың Түркімен қызметі хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, басқа оқу орындарында да осындай жағдай болып жатыр.

Қолхатта оқытушылар IMO мессенжерін (аудио/видео түрінде қоңырау шалуға мүмкіндік беретін желі) де қолданбауға міндеттеме алған.

"IMO мессенжері арқылы СМС хабар ғана жіберуге рұқсат. Сурет және видео жіберуге тыйым салынады",- деді ашғабаттық тұрғындардың бірі.

Оқытушыларға тек электронды пошталарды қолдануға ғана рұқсат берген.

Түркіменстанда кейінгі күндері әлеуметтік желіге бақылау күшейтіліп, интернетке шектеу енгізілді. Өлкеде Facebook, Instagram, Twitter бұғатталған. Оларға тек VPN серверлердің көмегімен ғана кіруге болады. Билік VPN серверлерді қолданғандарды және оны азаматтарға орнатып бергендерді қуғындап жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG