Accessibility links

Тәліптерден қашып, Тәжікстанды паналаған ауған ұшқыштары Душанбеден ұшып кетті


Ауған ұшқыштары ұшақта отыр.
Ауған ұшқыштары ұшақта отыр.

Ауған ұшқыштары мен босқындар мінген ұшақ 10 қарашада Душанбеден ұшып кетті. Осыған дейін АҚШ-тың Тәжікстандағы елшілігі 191 ауған азаматының (арасында 143 ұшқыш бар) АҚШ-қа қоныстануға дайын екенін хабарлаған. Олар Тәжікстанда үш ай тұрған.

АҚШ үкіметі ұйымдастырған рейс Душанбеден 10 қарашада жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат 12.30-да ұшып шыққан. Ұшқыштар мен АҚШ-тың Тәжікстандағы елшілігі өкілдерінің сөзіне қарағанда, рейс 10 қарашада немесе алдағы күндері діттеген орынға жетуі мүмкін.

Ұшқыштар арасында екі әйел бар, бірінің аяғы ауыр. "АҚШ елшілігі оларды Тәжікстаннан тезірек алып кетуге күш салып жатыр" деген еді бұған дейін елшілік өкілдері.

Тамыз айында тәліптер Кабулды басып алған кезде ауған әуе күштерінің ұшқыштары әскери ұшақпен Тәжікстанға қашқан. АҚШ-та дайындықтан өткен ағылшынша сөйлейтін ұшқыштар құжаттары дайын болғанша осы уақыт бойы Душанбе маңындағы шипажайды паналағап келген еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG