Accessibility links

Мәскеудің ГУЛАГ музейі "шетел агенті" атанған "Мемориалды" қолдайтын постын алып тастады


Мәскеудің ГУЛАГ тарихы музейі әлеуметтік желідегі парақшасынан "Мемориал" құқық қорғау ұйымына қолдау білдірген постын еш себепсіз алып тастады. "Мемориал" ұйымын Ресей билігі 2016 жылы "шетел агенті" санатына кірізіп, таяуда бұл ұйымды жабуды соттан талап еткен болатын.

13 қараша инстаграмда жарияланған постта ГУЛАГ тарихы музейі "Мемориалмен" көптен бері ынтымақта жұмыс істеп келе жатқанын, жаппай қуғын-сүргін құрбандарын есте қалдыру жөніндегі жұмыстарына құрметпен қарайтынын жазған. "Қазіргі жағдайға қатты алаңдап отырмыз, әділет пен есті ой үстем болар деп үміттенеміз", – деген еді.

ГУЛАГ тарихы музейі бұл әрекетін түсіндірген жоқ. Музейдің құрылтайшысы Мәскеудің мәдениет департаменті.

Өткен аптаның бейсенбісінде Ресейдің бас прокуратурасы "Халықаралық Мемориал" құқық қорғау ұйымы мен оның бөлімдері: құқық қорғау орталығын, архив пен кітапхана және музейді жабуды Ресей Жоғарғы сотынан талап еткен болатын. Музей материалдарына "шетел агенті" екенін білдіретін белгі қоймай Ресейдің "шетел агенттері" туралы заңын үнемі бұзып келеді деп айыптаған.

Жұма күні "Мемориалдың" жұмысын тоқтату туралы талап арыз Мәскеу қаласының сотына тіркелген.

Құқық қорғау ұйымы Ресей билігінің әрекетін "саяси қысым" деп санап, "ұйымды жоюдың ешбір заңды негізі жоқ" деп мәлімдеді.

Ресей президенті жанындағы адам құқығы жөніндегі кеңес бас прокуратураның талабын әділетсіз, шектен тыс шара деп атады.

Халықаралық тарихи-ағартушы және құқық қорғаушы "Мемориал" қоғамы 2016 жылы "шетел агенттері" реестріне енгізілген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG